1311

Ерке Есмаханның үлкен ұлы Раиммен бірге ән айтып, жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

Ерке Есмаханның 12 жастағы ұлы мен күйеуі ән айтты.

Ерке Есмаханның үлкен ұлы Раиммен бірге ән айтып, жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық эстрада жұлдызы Ерке Есмаханның үлкен ұлы Мүсілім Раиммен бірге ән салып, жұртты тәнті етті. Видео көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Раим Instagram желісіндегі парақшасында жаңа әнінің видеоүзіндісін жариялады. Ол көпшілікті жақын арада жаңа альбом шығаратынын айтып сендірді.

Ал желі оқырмандарының назары бірден Ерке Есмаханның ұлына түсті. Видеода Мүсілім көлік рөлінде отырып, Раиммен бірге ән шырқайды.

Жұртқа 12 жастағы баланың өнерге құштарлығы мен ашық мінезі ұнаған. Одан бөлек, желі қолданушылары Раим мен Мүсілімнің ұқсастығын айтып, таңғалып жатыр. 

"Осы бірінші баласы Раимға ұқсай ма?","Өзіңе ұқсап бара ма? Тұйықтау еді, жарайсың, мақтан етер әке болшы", "Қандай керемет әке", "Не де болса Раим, жарайсың", "Раим, сыйлаймын", "Екеуі қатты ұқсайды", "Ұлымды иіскеп жатамын дегені керемет" - деп жазды желі қолданушылары.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор