SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал журналист Бибігүл Дәулетбек Алматыда бірінен соң бірі өз-өздеріне қол салып, көз жұмған қыздар туралы пікір білдірді.
Журналистің айтуынша, қыздарды мұндайға итермелеген ойын болмауы мүмкін.
«Алматыда тағы да 12 жасар қыз көп қабатты үйден секіріп қайтыс болды. Бір аптаның ішінде үш қыздың секіріп өлуі — трагедия… Бұл балаларды өлімге итермелеп жатқан ешқандай да ойын емес! Далбаса әңгіме! Немқұрайлылық! Иә, өздеріңіз жіберген қателіктер…», — деп жазды журналист.