«Алты қыз жабылып ұрған»: Астанада соққыға жығылған оқушы өзіне қол салмақ болды

Аиса Махамбет Редактор
24.09.2024, 13:59
784
«Алты қыз жабылып ұрған»: Астанада соққыға жығылған оқушы өзіне қол салмақ болды бейнежазбадан алынған кадр

Астанада соққыға жығылған жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, НеМолчиKZ қоғамдық қоры топтық соққыға жығылған 14 жасар қыздың анасының үндеуін жариялады. Болған оқиғадан кейін жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

25 тамыз күні алты қыз жабылып жәбірленушіні соққыға жыққан. Бұл үшін олар қызды қираған ғимаратқа апарыпты.

“Бетінен ұрған, қыз қарсылық білдіре алмады. Өйткені алты қыз жабылып ұрған. Қызды камера жоқ жерде ұрған”, – дейді НеМолчиKZ қоры.

Жасөспірімдер 1,5 сағат бойы қызды ұрып-соққан. Осыдан кейін ол 30-қабатқа көтеріліп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ үйіне оралып, құрбысына барлығын айтып берген. Келесі күні ол оқиғаны анасына айтып берді. Анасы оқиға орнынан видео түсіріп, полицияға арыз түсірді.

Нәтижесінде, сот-медициналық сараптамасы қыздың денесінде соққының іздерін анықтаған.

“Тергеуші іске қатысты қыздың анасына да, қорғаушыға да ақпарат бермеген. Іс тоқтатылған. Полиция бұл істі елеусіз қалдырды", – деп түйіндеді НеМолчиKZ.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандар анықталғанын хабарлады.

"Ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдер жауапқа тартылды. Сонымен қатар, жинақталған материал кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясының қарауына жіберілді", – деп түсіндірді полиция департаменті өкілдері.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады