Прокурор Әл-Бейнені 10 рет пышақтады деп айыпталған күйеуін 15 жылға соттауды сұрады (видео)

Аиса Махамбет Редактор
25.09.2024, 10:28
574
Прокурор Әл-Бейнені 10 рет пышақтады деп айыпталған күйеуін 15 жылға соттауды сұрады (видео) бейнежазбадан алынған кадр

24 қыркүйекте Алматыда күйеуі 10 рет пышақ сұғып өлтірген Әл-Бейне Зарипованың өлімі бойынша сот тергеуі аяқталып, сот жарыссөзі басталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 31 қаңтарда 43 жастағы Әл-Бейне Зарипованың мәйіті үйдің жертөлесінен табылды.

Іс-материалдары бойынша, оның 15 жыл некеде болған күйеуі Сабыржан Зарипов оған 10 рет пышақ жарақатын салып өлтіріп, артынша телефонынан өз шотына 4 миллион 700 мың теңге аударып алған.

Қазір іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы “Адам өлтіру” және 175-бабы “Ұрлық” бойынша қаралып жатыр. 

Сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Айнұр Омарова 99-бап “Адам өлтіруді” 99-баптың 2-тармағы “Аса қатігездікпен қасақана түрде адам өлтіру” бойынша ауыстыруды талап етті. Сөзінше, марқұм өлер алдында қатты қиналып, тән жарақаты мен жан жарақатын сезінді және азапталды. Ол адам бетін тілімдеу аса қатігездік санатына жататынын айтады. 

“Зарипов қылмысқа дайындалды. Әл-Бейненің ажырасқысы келгенін түсініп, мүлікті бөлмеу үшін осындай зұлымдыққа барды. Пышағын жертөлеге тығып, Әл-Бейнені сол жаққа апарып, оң қолмен жүзі 180 мм ас үй пышағын 10 рет сұқты. Сол жақ беті, кеудесі,мойны мен оң жақ жамбасы, трахеясын жаралады. Мұрнынан сол жағына дейін тілімдеп, аузын жыртып кеткен, 10 см жара қалдырды. Сүт безін 9,5 см жара салған, қолтық тұсындағы жарасы – 8 сантиметр, сол жақ кеуде тұсындағы жарасы 6 см, жамбас тұсына 10 см жара қалдырған. Мұның бәрі Әл-Бейнеге төзгісіз тән ауруын әкелді. Сол жақ гематорокс 3 литр, яғни аузынан 3 литр қан кетті. Осының бәрін саралай келе, аса қатігездікпен өлтірілгенін көруге болады”, – деді ол.

Алайда прокурор мұны қолдамады. Оның айтуынша, аса қатігездік деп танылуы үшін адамды бірнеше сағат азаптағаны, аштықпен не суықпен жазалағаны, не тірілей күйдіріп қинағаны дәлелденуі керек. Ал бірнеше пышақ жарақатын аса қатігездікке жатқызбады.Сол үшін сот адвокаттың талабын қанағаттандырған жоқ.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)