«Әкем өмірден өткен күні ересек адамға айналдым»: Ләйлә Сұлтанқызының ұлы марқұм әкесі туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
26.09.2024, 13:12
939
«Әкем өмірден өткен күні ересек адамға айналдым»: Ләйлә Сұлтанқызының ұлы марқұм әкесі туралы айтты жеке мұрағатынан

Ұлы Сағадат кейінгі кезде әкесі түсіне жиі кіріп жүргенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының ұлы Сағадат Қайратұлы "Жақсы адамдарым" бағдарламасында марқұм әкесі туралы естелік айтты.

Әкесі өмірден өткенде Сағадаттың жасы 13-те болған. Ол әкесінен айырылған соң бірден есейіп кеткенін айтады.

"Әкем, асқар тауым өте жақсы адам болды. Әкеміз өмірден қайтқанда жасым 15-те болды, Сардардың жасы 13-те болды. Әлі бала едік, әкем өмірден өткен күні ересек адам болдық. Себебі қасымызда анамыз бар, біз оның қос қанатымыз, оған қамқор болуымыз керек. Сондықтан есеюге тура келді", – дейді ол. 

Сағадат кейінгі кезде әкесі түсіне жиі кіріп жүргенін айтты. Сонымен бірге әкесі қандай ақыл-кеңес бергенін есіне алды.

"Әкем түсіме өте көп кіреді. Сардарға, анама қатты кірмейді. Соңғы екі аптада 4-5 рет кірді. Үнемі күліп, жымиып жүреді. Әкем ақша туралы көп ақыл айтатын. "Ақшаны көп жаратпа, жинап жүр" дейтін. Өзі ақшаны бізден аямайтын. Бір нәрсе сұрасақ, анамыз "жоқ" десе де, әкеміз "иә" дейді. Екеумізге де қатал болды, бірақ бізге деген мейірімділігі, махаббаты байқалып тұратын", – дейді ол. 

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді