SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда күндіз жүргізушілер жолда бір әйелдің жүріп келе жатқан көліктен секіріп түспек болғанын байқаған. Кейін белгілі болғандай, оны күйеуі көліктің ішінде ұрып-соққан.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда бірнеше ер адам әйелін ұрып жатқан күйеуін тоқтатуға тырысқанын көруге болады. Алайда ер адам көліктің есігін жауып, оқиға орнынан кетіп қалған.
“Әйелін өлтіре жаздады”, –дейді куәгерлер.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.
"Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бұған дейін полицияға бұл ерлі-зайыптылардан шағым түспеген", – деді департамент өкілдері.