582

«Ұрып, қылқындыратын»: Аягөзде туысқан ағасынан азғындық көрген жасөспірімнің арызы бойынша қайта іс қозғалды

Жиен ағасын 11 жыл бойы қорлады деп айыптаған аягөздік Еркеназ Оразғалиеваның шағымы бойынша бірнеше рет тоқтатылған қылмыстық іс қайта қозғалды. Бұл туралы КТК арнасы мәлімдеді.

«Ұрып, қылқындыратын»: Аягөзде туысқан ағасынан азғындық көрген жасөспірімнің арызы бойынша қайта іс қозғалды
stan.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жасөспірім өзіне зорлық көрсеткен адамның лайықты жазасын алғанын қалайды.

“Порнография видеоларын көрсететін. Сосын кішкентай қыздардың видеоларын көрсететін. Денемді қатты қысып ұстайтын. Сосын ұратын, қылқындыратын. Үйде ол кезде ешкім болмайтын. Кінәлі адамның өз жазасын алғанын қалаймын”, – дейді Еркеназ.

Қыздың ұзақ жылдар бойы жиен ағасынан қорлық көріп келгені туралы туған ата-анасы 10 жылдан кейін білген. Өйткені анасы қызын “бауырына салу” дәстүрімен қайын ағасы мен абысынына берген. Азғын жасөспірімді “қарсылық білдірсең, ата-анаңды өлтіремін” деп қорқытқан. Абай облысы полиция департаменті оған қатысты қылмыстық іс қозғады.

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор