«42 500 теңге алимент төлейді»: Талдықорғандық келіншек Алматы облысының экс-әкімі Баталовтан некесіз баласы барын айтты

Аиса Махамбет Редактор
28.09.2024, 17:16
807
«42 500 теңге алимент төлейді»: Талдықорғандық келіншек Алматы облысының экс-әкімі Баталовтан некесіз баласы барын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Қарлығаш (есімі өзгертілген) есімді әйел Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовпен арада некесіз туылған бала барын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әйел Nege.kz порталына берген сұхбатында экс-шенеунікпен қалай танысқанын, оның адамдарынан қоқан-лоқы көргенін және сотта қызының әкесі Амандық Баталов екенін дәлелдей алмай әлек болғанын баяндап берді.

Келіншек Амандық Баталовпен ол Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінде болғанда бір жаназа кезінде танысқанын айтады. Экс-шенеунік әйелді көріп, басқа адам арқылы телефон нөмірін алдыртқан. 

“Ол кезде мен ажырасқан едім. Күйеуім екі баламен тастап кетті. Жұмыссызбын, балаларым кішкентай. Өзі менімен таныспақ болып қайта-қайт хабарласты. Бірде жүргізушісі келіп мені Баталовтың “Казахстанский” көшесіндегі үйіне апарды. Сонда екеуіміз жақынырақ таныстық. Сол кезде маған жақсы адам болып көрінді. Өмірім туралы сұрады. Мен әке-шешемнің жоғын, күйеуімнің екі баламен тастап кеткенін айттым. Тапқаным тамақтан артылмайтын. Пәтер жалдауға ақша болмайтын. Басымда баспана жоғын жылап отырып айттым. Содан ол маған көмектесемін деп уәде берді. Кейін ол кісімен жақын қарым-қатынаста болдық. Сөйтіп Баталовтан бала көтердім”, – дейді Қарлығаш. 

Әйел жүкті екенін білгенде шенеунікке айтпастан баланы алдырып тастамақ болған. Алайда жасанды түсік жасатуға жүрегі шығамаған. Десе де Қарлығаш экс-шенеунікпен байланыста болғанын айтады. Арасында отбасына барып жүргенде Баталов хабарсыз кеткен. Уақыт өте келе қызымды босандым. Оған әйел пәтерін төлей алмай телефонын сатып жіберген екен. Босанған соң нәрестенің жәрдемақыға жаңа телефон мен SIM-карта сатып алған. 

“Сонда Баталов “сенің нөміріңді әрең таптым” деп өзі хабарласты. Босанғанымды айтып едім “Алматыдамын, жақын арада келемін, кездесіп, сөйлесейік” деді. Бірақ содан кейін хабарласпады. Қызым 5-6 айға толғанда оған баланың суреттерін жіберіп отырдым. Артық ештеңе айтпадым. Көреді, бірақ жауап бермейтін. Сөйтіп қызым балабақшаға баратын жасқа жетті. Қиналып кеткен соң өзінен көмек сұрадым. “Қанша керек?” деп жазып жіберді. 100 мың теңге сұрадым. Өзінің жүргізушісін жіберіпті. Ол жүргізушіні мен танысам да, ол мені танымаған кейіп танытты. Сөйтіп көмек қажет кезде мен ол кісінің WhatsApp нөміріне жазатын болдым. Кейін ол кісіден қызыма тегін беруін немесе қайта-қайта көмек сұрай бермейтіндей жағдай жасап беруін сұрадым. Осы кезден бастап ол мені балаларыммен қорқыта бастады”, – дейді.

Фото: Видеодан скрин

Экс-шенеунік тарапынан болған қоқан-лоқыдан кейін  Қарлығаш “Айша бибі" аналар бірлестігінің төрайымы Жазира Қамолдановадан көмек сұраған. Ол Қарлығашты арыз жазуға көндірген. 

“Ішкі Істер Департаментіне арыз жаздық. Бірақ ол жердегілер үш балам мен мені мазақ етті. “Жақын қарым-қатынаста қалай болдыңдар?” деген секілді тым жеке сұрақтар қойды. Мен айтудан бас тартып едім, жібермей қамаймыз деп қорқытты. Мәжбүрлеген соң бәрін айтып бердім. Сол кезде Ұрымханов генерал еді, мені шақырдым арызымды қайтарып алуымды сұрады. Есесіне Ішкі Істер Департаментінен жұмыс ұсынды. Мен тәжірибем жоқ болғандықтан бас тарттым. Бұл жақтағы іс тұралап тұрған соң Астанадағыларға арыз жазып, шағымдануға мәжбүр болдым. Арызым ол жаққа жеткен соң ғана іс қозғала бастады. Сөйтіп ол маған шығып үй алып береміз, кәсібіңді аш деп адамдар жіберді. Астанада да, Талдықорғанда да маған көмектесетін ешкім жоғын түсінген соң арызымды қайтып алдым. Сөйтіп кәсіп ашып берді. Бірақ үйді өзім сұрап жүріп үш жылдан кейін ғана алдым”, – дейді Қарлығаш. 

Бастапқыда келіншекке қағыз жазыдырып алып, қызға ай сайын ақша салып тұрамын деп уәде берген. Бірақ керек қағазын алған соң уәдесін ұмытты дейді келіншек. 

“Қыздың киіміне деп 100 мың сұраймын. Бірақ оны бір аптадан соң, 75-85 мың теңге қылып береді. Сөйтіп қызыма әкесінің тегін беріп, алимент алу үшін оны сотқа бердім. Сот 4-5 рет арызымды қайтарып тастады. Адвокат жалдадым. Ақыры сот арызымды қабылдады. Оның қызымның әкесі екенін дәлелдеу үшін 1,5 жыл уақыт кетті. Судья қысым көрсетті. Ювеналды соттан жеңіп шықтым. Баталовты ДНК тапсыруға шақырды, бірақ келмеді”, – дейді әйел.

Бұл кезде экс-шенеунік зейнетте еді. Қарлығаш кәмелет жасқа толмаған қызына 42 500 теңге алимент алып отырған. Қарлығаш Баталовтың зейнетақыдан бөлек табысы барына сенімді. Сол себепті ол алименттің әділ тағайындалуын талап етеді.

Қарлығаштың айтуынша, қызы әкесіне телефон арқылы хабарлама жазған. Қыздың суретін көрген соң экс-шенеунік нөмірді бұғаттап тастаған. 

“Талғардағы үйіне де бардық. Сол кезде қызым қатты жылады. “Мама, мен әкемнің осындай үйде тұратынын білмедім. Қандай күшті үй, қалайыншы” деді қызым. Сыртта тұрғанда қақпадан қайта-қайта сығалап, каникул кезінде осы жаққа жіберуін сұрады. Бірде күзеттегілерден біреуі шығып үйде жұмысшылардан басқа ешкім жоғын айтты. Сол адамға менің сөздерімді тікелей өзіне жеткізуімді сұрадым. Мені “ақшаға тоймайды” деп айтатын көрінеді. Бірақ ол кісі маған ай сайын миллиондап ақша берген емес. Қайтып бара жатып қызым “әкемді көрмеймін бе, теледидардан ғана көрдім ғой” деп жылады. Әкесінің суреті қызымның бөлмесінде тұр. “Әкеме ұқсаймын” деп өзі де айтады. Әкесін қызыма жамандаған емеспін. Қызым әкесін көргісі келеді”, – дейді Қарлығаш. 

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр