BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты

Азиз Қалижан Редактор
20.05.2025, 14:32
702
BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты жеке мұрағаттан

Ол Германияда ота жасатқанын жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншатанымал кәсіпкер, BI Group құрылыс холдингінің негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев денсаулығына қатысты жазба жариялады. 

 Ол сүтті шайдың зиян екенін айтып, Германияда ота жасатқан сәтін есіне алды. 

"Бірнеше жыл бұрын жүгіріп жүргенде менің тізем ауыра бастады. Тексеруден өтсем, буындарыма тұз жиналыпты. Германияда ота жасатып, бәрін тазалаттым. Ғылыми зерттеулер  әлемдегі үлкен кісілерге сүттің зиян екенін дәлелдеген. Соның ішінде, Азиядағы қарт кісілердің 90 пайызына сүт ішу зиян болыпты. Мені бұл жаңалық тоқ соққандай, оятып жіберді", – деді ол.

Одан кейін анализдерін тексергенде дәрігердің қойған сұрағы кәсіпкерді қатты таңғалдырған. 

"Дакар алдында Еуропадағы тамақтану институттарының біріне бардым. Дәрігер менің анализдерімді тексеріп, сүтті қаншалықты көп ішетінім туралы сұрады. Мен таңертең сүтпен ботқа жейтінімді, сүт қосқан спорттық коктейль мен сүтті шәй ішетінімді айттым. Дәрігер таң қалып, сүттің құрамында лактоза барын ескертті. Оны ересек адамның ағзасы көп жағдайда қорыта алмайды екен.

Лактоза глюкоза мен галактозаға ыдырап, ағзадан толық шығып кетпейді. Галактоза (сүт қышқылы) буындарға жиналып, артрит пен тізеге тұз жиналуына әкеледі. Біздің аталарымыз сүттің зияны туралы білмесе де, біз заманауи зерттеулерді ескеруіміз керек. Бұл туралы жақындарыңызға айтып, ата-апаларға ескертіңіздер", – дейді кәсіпкер.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген