Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
20.05.2025, 15:35
629
Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) бейнежазбадан

Астанада танымал оқу орталығы төңірегінде шу шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншаАстанада белгілі оқу орталығы төңірегінде жанжал шықты. Мектеп оқушыларының ата-анасы балаларының оқуы үшін қомақты қаражат төлегенімен, орталық кенет жабылып қалған. Бұл туралы "КТК" телеарнасының жаңалықтар қызметі жеткізді.

Астаналық 200-ден астам оқушының әке-шешесі ғаламтордағы блогерлердің жарнамасына нанып, бар тапқан-таянғанын орталық әкімшісіне санап берген.

"Қараша айының аяғында осы орталыққа келдік, Instagram арқылы. Блогерлердің жарнамасы күшті болды. Бірінші баламызға 1 800 мың деді, жеңілдік берді. Одан да қымбат екен. Бірақ дәл қазір төлейтін болсаңыз, банк арқылы бөліп төлеңіз деді. Сосын екінші ұлым оныншы сыныпта оқып жатыр. Оған 1 600 мың жеңілдік береміз деді", - дейді тұрғын Айнагүл Нұрмағамбетова.

Мұндағылар жарнамаға сенген қарашаны одан әрі қызықтыру үшін оқу ақысын бөліп төлеу мүмкіндігін де ұсынған. Ал бір үйден екі бала келсе, тіпті 2 миллиондық оқу ақысы 700-800 мың теңгеге бір-ақ қысқарыпты. Бір шикіліктің барын ата-аналар мұғалімдердің жиі ауысқанынан барып сезеді.

"Қаңтарда оқу басталды. Бір-екі айдан кейін бе, наурызда сондай сыбыс шыға бастады, "мұғалімдер сабаққа шықпай жатыр", "ауысып жатыр", "жалақы төлемей жатыр" деген. Жақында чатта видео жібергенде, ата-аналар Алматыда филиал жабылып қалды деді", - дейді өзге тұрғын Мұғайда Ахметғали.

"Балаңыз ағылшын тілін шемішкедей шағып, деңгейін TOEFL мен IELTS-ке жеткіземіз" деген уәде орындалмағанын айтқан ата-аналар түгел полицияға шағым жазды.

"Азаматтардың ұжыммен жазған өтініші негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуде оқу орталығына білім алу үшін төлем жасаған ата-аналар уәде етілген оқу қызметін алмағаны анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - дейді Астана қаласы, Есіл ауданы ПБ бастығының орынбасары Ержан Құрақбаев.

Қазір оқу орталығының есігі тарс жабық, мөрленген. Ал шамамен үш-төрт күн бұрын "Ғасыр" орталығының әкімшілігі көшіп кетіпті. Ал ата-аналар төменгі қабаттан кері қайтуына мәжбүр. Орталықтың сайтында көрсеткен нөмірмен байланысу қазір мүмкін емес. Ал алданған ата-анаға құзырлылардан бір жауап болмағанша, алған несиесін кешіктірмей төлеуден басқа амал жоқ.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді