Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті

20.05.2025, 16:25
122
Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті

Астанада алғашқы отбасылық аспаздық баттл өтті. Бұл мереке астаналық отбасыларды дұрыс тамақтану, отбасылық дәстүрлер және шығармашылыққа баулу идеяларымен біріктірді.

Іс-шара Nestlé компаниясының «Nestlé for Healthier Kids» жаһандық бастамасы аясында Қазақстанда жүзеге асырып жатқан «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының бір бөлігі болды. 

Сайысқа 2024 жылдың желтоқсан айында басталған «Салауатты және бақытты балаларды тәрбиелейміз» атты фотобайқаудың жеңімпаз-отбасылар қатысты.

Қатысушылар екі кезеңнен өткет болатын: зияткерлік викторина және «Супер-тағам» аспаздық баттлы. Отбасылар алдын ала таңдалған ингредиенттер жиынтығынан тағам дайындап, нәтижелерді кәсіби шеф-аспаз бағалады. Ол қатысушылармен пайдалы кеңестерімен бөлісіп қана қоймай, жаңа аспаздық тәжірибелерге шабыт берді.

«Мұндай іс-шаралардың тәрбиелік маңызы зор, олар ұрпақтарды біріктіріп, салауатты өмір салты туралы тақырыпты балаларға түсінікті әрі жақын етеді. Отбасылық мерекелерде қатысу арқылы балалар тек пайдалы білім алып қана қоймай, сонымен қатар ынтымақтасуға, түсіністікке және жауапкершілікке үйренеді. Біз үшін мұндай оқиғалар отбасы институтын нығайту мен салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттауға бағытталған жүйелі жұмыстың айырылмас бөлшегі болып табылады. Бәз жақсылық, қамқорлық пен отбасы бірліктігін насихаттайтын бастамаларды қолдауға қуаныштымыз», – деп бөлісті Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы бөлімінің басшысы Анар Досмұхамет.

«Nestlé компаниясында отбасылық дастархан басында қамқорлық, зейін және жақындық секілді ең маңызды құндылықтар қалыптасады деп сенеміз. Бұл іс-шара қазақстандық отбасылардың өміріне салауатты әдеттерді енгізу жолындағы тағы бір қадам болды. Әсіресе балалардың кішкентай кезден бастап дұрыс тамақтану мәдениетін ұстануы мен денсаулыққа қамқор болуы күнделікті өмір салтының бөлігі деп қабылдуы маңызды», – деп атап өтті Евразия өңіріндегі Nestlé басшысы Максим Щетин.

Қатысушылар да өз пікірлерімен бөлісті:

«Баламыз қандай тағамдардың пайдалы екенін және бүкіл отбасымен таңғы ас ішу неліктен маңызды екенін ынтамен айтып берді. Біз бір-бірімізге уақыт бөлудің, бірге жаңа нәрселерді үйренудің және қарапайым, бірақ мағыналы істерде бір-бірімізді қолдаудың қаншалықты маңызды екенін сезіндік. Мұндай іс-шаралар күнделікті өмірді мән-мағынамен және жылулықпен толтырады», – деп бөлісті Калиндар отбасысының мүшелері.

Nestlé компаниясы осындай іс-шаралар жас ұрпақтың тамақтануға деген саналы көзқарасын қалыптастыруға және отбасы байланысын нығайтуға ықпал етеді деп сенеді. Компания отбасыларды қолдап, пайдалы әрі шабыттандыратын ортақ демалыс мүмкіндіктерін ұйымдастыра отырып салауатты тамақтану мәдениетін дамытуға бағытталған бастамаларды іске асыруды жалғастырады.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты