735

«Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды

Балалар бір-бірінің өкпесін басып, талдырып «ойнаған».

«Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды
куәгерлер ұсынған

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншаоқиға 18 мамыр күні кешкісін 32В шағынауданындағы балалар алаңында болған. Қауіпті ойынға қатысқан оқушы есінен танып, жерге құлап, басын қатты соққан. Артынша денесі тырысып, құрыса бастаған.

Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем оқиға орнына тек жарты сағаттан кейін келген. Жағдайы ауыр болған бала Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына шұғыл жеткізілді.

Аурухананың қабылдау бөліміндегілер оқушының 2012 жылы туғанын, оған "Жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы" деген диагноз қойылып, травматология бөліміне жатқызылғанын растады.

"Науқастың жағдайы тұрақты, тиісті хаттама бойынша ем қабылдап жатыр", – деді дәрігерлер.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор