Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
20.05.2025, 13:31
648
Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) бейнежазбадан

Оған жалаңаш жұмыс істеткен деген ақпарат тарап жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Орал қаласындағы №28 түзеу мекемесінде сотталған азаматты киімсіз күйінде далаға шығарып, жұмыс істеткені түсірілген видео тарап жатыр. Бұл жағдай қоғамда қызу талқыланып, дау тудырды.

Алайда Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, видео басқаша сипатқа ие.

Ведомствоның хабарлауынша, сотталған азамат мекеме аумағын екі сағат бойы тазалау және күтіп-ұстау сияқты міндетті жұмыстарға қарсылық ретінде өз еркімен киімін шешіп тастаған.

"Оны мәжбүрлеп жалаңаш күйде далаға шығарды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сотталған азамат мекеме ішіндегі тәртіпке сай жұмыс істеу талабына қарсылық ретінде өзі шешінген", – деді ҚАЖК баспасөз қызметі.

Қазір бұл оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс тағайындалған. Қорытындысы бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданатыны айтылды.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады