Алматыда 23 жастағы қыз өзінен 35 жас үлкен сүйіктісін өлтірді

Аиса Махамбет Редактор
30.09.2024, 18:34
569
Алматыда 23 жастағы қыз өзінен 35 жас үлкен сүйіктісін өлтірді aif.ru

Қамаудағы бойжеткеннің жақындары оның мұндай әрекетке қорғану үшін барғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда өзі кездесіп жүрген ер адамды өлтірді деген күдікпен 23 жастағы қызылордалық қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп Azattyq Rýhy жазды.

Бойжеткеннің жақындары қыздың өзінен 35 жас үлкен сүйіктісінен зәбір көргенін, одан қорғану мақсатында осындай әрекетке барғанын айтып отыр. Бұл туралы  #Немолчикз қоры мәлім етті,

#Немолчикз-тің жазуынша, бойжеткеннің анасы мен әпкесі бір апта бұрын қорға хат жолдаған. Онда қамауда отырған қыздың Алматыға Қызылордадан жұмыс істеу үшін барғаны айтылған. Оқыс жағдайдан кейін ол анасына қоңырау шалып: «Ол менің аяғыма пышақ сұқты. Мен жай ғана кеткім келді. Жай ғана қорғанып, қашып, басқа пышақ алып, оған қарай сермедім, ол құлап түсті. Енді ол тұрмайды» депті.

 «Сол түні қыз бір жыл қарым-қатынаста болған ер адамнан кетуге тырысқаны белгілі болды. Ер адам одан 35 жас үлкен. Ол 23 жастағы қызды ұрып-соғып, азаптаған. Бойжеткен қашып кетуге тырысқанымен, олар бір-біріне қайта оралған. Соңғы екі айда ер адам оның туыстарымен сөйлесуіне тыйым салыпты. Ал туыстары бойжеткенді ер адамнан алып кетудің жолын таба алмай жүріпті. Қыздың телефоны мен құжаттарын да тығып тастаған. Соңғы ұрыс-керістері қайғылы жағдаймен аяқталды», – делінген жазбада.

#Немолчикз-тің жазуына қарағанда, қыз бала бірнеше рет өзіне қол жұмсауға тырысқан. Дәрі ішкен, қолының тамырын кескен.

Анасы қыздың басында түрлі тыртық қалғанын айтады. Айтуынша, ер адам қызының басынан бөтелкемен ұрған.

Қазіргі уақытта бойжеткен уақытша ұстау изоляторында. Оған кісі өлтірді деген айып тағылып отыр. Сот медициналық сараптамасының қорытындысы оның пышақ жарақатынан өлгенін растай ма әлде басқа себептер бар ма? Осыны анықтау мақсатында тергеу жүргізілуі керек. Қыз анасымен сөйлескен кезде қорғану мақсатында оның аяғына пышақ жарақатын салғанын айтқан. Ол өзінің кісі өлтірмегенін, тек өзін қорғағанын айтып жылаған.

Қыздың жақындарының адвокат жалдауға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан да олар #Немолчикз-тен көмек сұраған.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)