«Ғашықпын, сен мендік боласың»: Астаналық мұғалім 7-сынып оқушысына тиісіп, түнде хабарлама жазған (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
02.10.2024, 19:37
701
«Ғашықпын, сен мендік боласың»: Астаналық мұғалім 7-сынып оқушысына тиісіп, түнде хабарлама жазған (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Әлеуметтік желіде елордадағы №32 мектеп мұғалімі жетінші сынып оқушысына тиіскені туралы ақпарат тарады. Ата-аналар оқу орнына келіп, педагогты жауапқа тартуды талап еткен. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мәліметтерге сенсек, қыз бала ата-анасына 1981 жылы туған мұғалімнің оған тиіскенін және WhatsApp арқылы түнде жазып тұрғанын айтқан.

“Егер… Жаман ойлап қалма? Сен, түсініп тұрсың ғой, иә. Мен сенікі, ал сен мендік боласың. Жақсы ма? Мұны барлық мағынада айтып тұрмын”, – деп мұғалім оқушы қызға хабарлама жіберген.

Мектеп директоры оқиғадан кейін мұғалімді жедел түрде жұмыстан шығарып, басқа оқу орнына орналасуына мүмкіндік берген.

Елордадағы білім басқармасының баспасөз қызметі мұғалімнің 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап мектепте сынақ мерзімінде жұмыс істегенін мәлімдеді.

Осылайша 30 қыркүйекте мектептің тәртіптік комиссиясының шешімі бойынша педагог ҚР Еңбек кодексінің 52-бабының 14-тармағы "Тәрбиелік қызметтерді атқаратын қызметкердің осы жұмысты жалғастыруға жарамсыз моральдық теріс қылық жасауы" бойынша жұмыстан шығарылды.

Сондай-ақ қазіргі уақытта қала полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын, тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Басқа ақпарат берілмеді. Себебі бұл қылмыстық процестік кодекстің бабына сәйкес құпия ақпарат.

«Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Ер адам өзінің екі жасар қызын көлігімен басып өлтірді Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады «Маған да берген жоқ»: Әнші Amre атақ бермегені үшін ренжіп қалды Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті Сыныптасына қателесіп қоңырау шалғаны үшін полицей фельдшерді өлтірген 68 жастағы әйел күйеуін арақ ішкені үшін пышақтап өлтірген