Түркістан облысының бас имамы кімнен ақша жинап жүр?

Аиса Махамбет Редактор
03.10.2024, 12:55
752
Түркістан облысының бас имамы кімнен ақша жинап жүр? бейнежазбадан алынған кадр

Дін қызметкерлері білместікпен маған ақша аударады екен дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Бас мүфти және Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлеповтің күмәнді ақша жинау әрекеттері туралы жазба жарияланды. Бұл туралы otyrar.kz жазды.

Шуға айналған бұл ақпарат авторы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілдері Бас мүфтидің Түркістан облысына келген сапарына орай өңір имамдарынан ақша жинау әрекеті болғанын жазған. Дегенмен бұл ақпаратты облыстың бас имамы жоққа шығарды. Сөзінше, жазбада айтылған сөздер мүлдем шындыққа жанаспайды.

«Әлеуметтік желі қолданушысы өзінің парақшасында «Түркістандық қарапайым имамдар «қоңыз теріп» қиналып кетті» деген тақырыпта жазба жариялапты. Автор аталған жазбасында Бас мүфтидің Түркістан облысына келген сапарына орай өңір имамдарынан ақша жинау әрекеті болғанын жазыпты. Біз бұл ақпаратты жоққа шығарамыз және оның шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз. Осы ретте айта кетер жайт: имамдар тиімді бағамен мешіт арқылы газет-журналға жазылады. Кейбір дін қызметкерлері білместікпен каспи голд арқылы газет-журнал ақшасын маған аударған екен. Болған жағдайға байланысты арнайы жиналыс өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздім, - дейді Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов.

Өңірдің бас имамы өз жауабында «автордың шектен шыққан ісін өзінің ары мен ұятына қалдыратынын» жеткізді. Сондай-ақ, оқырмандарды тек расталған ақпарат көздерінен ғана мәлімет алуға шақыратынын айтты.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады