Алматылық танымал аспаз Бага Демалыс өзіне қол салды

Аиса Махамбет Редактор
03.10.2024, 16:08
2193
Алматылық танымал аспаз Бага Демалыс өзіне қол салды жеке мұрағатынан

Алматыда танымал аспаз әрі гастро-кештерді ұйымдастырушы Бага Демалыс 28 жасында бақилық болды. Мұны оның достары әлеуметтік желіде хабарлады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қайғылы оқиға қазанның 1-нен 2-сіне қараған түні белгілі болды. Ақпаратты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.
Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", – деп атап өтті департамент.

Бұл жайт желіні дүр сілкіндірді. Блогерлер мен өнерпаздар әлеуметтік желіде талантты да көңілді тұлға туралы естеліктерімен бөлісіп, көңіл айтты.

"Әдемі күлкі иесі едің, мен сенің күлімсіреген жүзіңді ұмытпаймын!" – деп жазды Абай Қабдрашитов Instagram желісіндегі парақшасында.

Әнші Say Mo-ның мәлімдеуінше, Бага өзіне қол салған. Ол адамдарды көмек сұраудан қорықпауға және бір-біріне қолдауға шақырды.

"Егер өзіңізді жаман сезінсеңіз, жақын адамдарыңызбен сөйлесіңіз, көмек сұраудан қорықпаңыз", – деді ол.

Сондай-ақ ол Баганың достары көп бола тұра, дер кезінде көмекке ешкім келе алмағанына кінәлі сезінетінін жазды.

Баганың Instagram-дағы соңғы жазбасының астында көпшілігі көңіл айтқан. Таныстары мен достары атап өткендей, Бага Демалыс әртүрлі қайырымдылық жобаларына қатысқан. Ол үйсіз қалған иттерге көмектескен, сонымен қатар атақты адамдар жиналатын түрлі кештер ұйымдастырды.

Ол 6 шілдеде туған күнінде жариялаған жазбасында өзінің шаршағанын және денсаулығы мен психикасына көбірек көңіл бөлгісі келетінін жазыпты. 

"Міне, мен 28-демін! Осыған дейін тапсырыстар мен жобаларды өте көп алдым. Енді денсаулығым мен психологияма, яғни өзіме көңіл бөлгім келед”, – деген ол.

Оның өлімі көпшілікті таң қалдырды. Себебі ешкім оны өзіне қол жұмсайды деп ойламаса керек.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді