«Көлікті тоқтатып, шешіне бастады»: Фариза Ескермес зорлықтан қалай құтылғанын айтып берді

Аиса Махамбет Редактор
04.10.2024, 17:42
688
«Көлікті тоқтатып, шешіне бастады»: Фариза Ескермес зорлықтан қалай құтылғанын айтып берді бейнежазбадан алынған кадр

Отандық актриса Фариза Ескермес басынан өткен қорқынышты оқиғасын бөлісті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі Taboo бағдарламасына қонақ болып, зорлықтан қалай қашып құтылғанын айтып берді. 

“17-18 жаста болған кезімде қорқынышты жағдайға тап болдым. Әке-шешем тау жақта тұрады. Ол жаққа бару үшін алдымен трассаның бойымен, кейін бұрылып, тағы ұзын жолмен жүру керек. Ол жолда көп ешкім жүрмейді. Ағаштар көп, шағын өзеннің бойы. Таксист – жас жігіт. Түрі әлі есімде. Сол жігіт көлікті тоқтатты да, шешіне бастады. Мен шошып кеттім, алдымда пакеттер тұрған. Терезені ашып үлгердім де, "көмектесіңдер" деп айқайладым. Сол кезде алыстан адамдар көріп, қолшаммен жүгіріп келді. Сол кезде ол мені көлікке итеріп құлатып, солай құтқарылып қалдым. Менің әлі күнге дейін өкінетінім, камералардың бәрін ашып, сол адамды табуым керек еді. Мен қорқып қалдым. Мүмкін шок та алған шығармын. Оны іздемек түгілі үйден шыққым келмей қалды. Ол кезде бұл туралы ата-анама да, құрбыларыма да айтпадым", – деп есіне алды актриса. 

Сонымен қатар актриса қыздарға үндеу жасап, қорқынышты сәтте өзін қалай қорғап қалу керек екенін түсіндірді. 

"Менің түсінгенім, ер адамдар қыздарға агрессия көрсетсе, қыздар жабылып қалады екен. Ешкімге айтқысы келмей, өз проблемасын елге жайғысы келмей, өзінің ішінде ұстайды екен. Негізі айту керек. Мен сол жағдай үшін қатты өкінемін. Сол кезде ол адамды тауып, сотқа беруім керек еді. Бірақ 12 жыл өтіп кетті. Таксиді даладан ұстай салдым. Қыздар олай істемеңіздер. Тіпті, такси шақырсаңыз да, оның сілтемесін ағаларыңа, әпкелеріңе немесе күйеулеріңізге жіберіп қойыңыздар", – деді киножұлдыз. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады