Қазгидромет 5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады

05.10.2024, 09:15
780
Қазгидромет 5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады ашық дереккөзден

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Қазгидромет" РМК мамандары еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. 

Шымкентте кей уақыттарда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар. 

Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан блысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 18-23 метрге жетеді.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады