«Аштан өліп барасың ба»: Ақтөбеде подполковник сарбазға жерге түскен кеспені жеуге мәжбүрлеген

Аиса Махамбет Редактор
06.10.2024, 11:17
2172
«Аштан өліп барасың ба»: Ақтөбеде подполковник сарбазға жерге түскен кеспені жеуге мәжбүрлеген pixabay.com

Подполковник жазадан құтылып кетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде подполковник сарбазға жерге түскен кеспені жеуге мәжбүрлеген. Бұйрығын орындамағаны үшін сарбазды соққыға жықты. Осы ісіне қарамастан, әскери қызметкер жазадан құтылып кетті. Бұл туралы Диапазон басылымы мәлімдеді.

Ақтөбе гарнизонының әскери сотында сотталушылардың орындығында Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің зениттік зымыран дивизиондары штабының бастығы "51809" нөмірімен отырды. Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және қатардағы жауынгерді ұрды деп айыпталды.

Іс материалдарына сәйкес, жеке құрамды сапқа тұрғызу кезінде ол казарма жаққа кетіп бара жатқан бірнеше қатардағы жауынгерлерді байқап қалады. Сөйлесу барысында олардың түскі асқа кешігіп келгені үшін ескерту жасайды. Бір сарбаздың арқасындағы сөмкесінен бірнеше жылдам дайындалатын кеспе барын көріп, "аштан өліп барасыңдар ма?" деп оларды пакеттегі кеспені жеуге мәжбүрлейді. Кейін жерге түскен кеспені жеп қоюды бұйырады, бірақ сарбаздар бұл талапты орындаудан бас тартқан

Бұған ашуланған подполковник бір жауынгерді 8 рет құлағынан шапалақпен ұрып, кейін бетінен жұдырықпен ұрған. 

Сараптама нәтижелеріне сәйкес, жәбірленушінің құлақ мембранасы мен сол құлақтың құлақ қалқаны жарылған.

Сотта айыпталушы қылмысын толық мойындады, бірақ жазаға тартылған жоқ. Соққыға жығылған сарбаз өзінің қарсыласымен татуласып, оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады. Сотталушы бұл шешімге қарсы болған жоқ. Нәтижесінде Ақтөбе гарнизонының әскери соты тараптардың татуласуына байланысты подполковникті қылмыстық жауапкершіліктен босатты. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды