756

Алматыдағы Манхэттен тұрғын үй кешенінде бойжеткен 14-қабаттан секіріп кетті

Алматыдағы Манхэттен тұрғын үй кешенінде қыз 14-қабаттың терезесінен құлап мерт болды.

Алматыдағы Манхэттен тұрғын үй кешенінде бойжеткен 14-қабаттан секіріп кетті
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде бойжеткеннің терезеден секірген видеосы пайда болды. Бұл оқиғаға қатысты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Құқық қорғау органдары бұл істің жай-жапсарын жарияламады. Белгілісі – марқұмның жасы 19-да болған.

"Аталған факті бойынша Алмалы аудандық унитарлық кәсіпорнының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", — деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор