«Өліп кете жаздадым»: Алматыда ерлі-зайыпты көшеде оқушыны тұншықтырып, телефонын тартып алған

Аиса Махамбет Редактор
11.10.2024, 19:29
915
«Өліп кете жаздадым»: Алматыда ерлі-зайыпты көшеде оқушыны тұншықтырып, телефонын тартып алған бейнежазбадан алынған кадр

Рамазан есімді бала желіде оқыс оқиғаға тап болғаны туралы жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Таир Жиғанбаев есімді блогер ер адам мен әйел адамның көшеде оқушыға шабуыл жасап, тұншықтырып жатқан видеосын жариялады. Рамазан атты бала желіде оқыс оқиғаға тап болғаны туралы жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды. 

Рамазан мектепке велосеипедпен кетіп бара жатқанда екі ит ұстаған ер адам жолды жауып, өткізбей қойған. Олардың арасындағы кикілжің жанжалға ұласып, ер адам оқушыны тұншықтырып, әйел телефонын тартып алған. 

“Ол мені балағаттап, “қайда ұшып барасың?” деп сұрады. Мен сағатына 20 шақырыммен келе жатқан едім. Оның бұл сөздерін көтермей, өзіне дәл солай жауап қайтардым. Одан кейін ол жұдырық ала жүгірді. Көргендеріңіздей, ол мені тұншықтыра бастады. Тахикардиямен ауырамын, сол кезде өліп кете жаздадым. Қызарып кеттім, денемде де жарақат іздері көп. Жазасыз қалмауын сұраймын. Жанында жүрген әйел видеоны өшір деді. Әлі де тыныстауым қиындап, жүрек соғысы жиіледі”, – деп жазды Рамазан. 

Болған жағдайға қатысты полиция департаменті пікір білдірді.

“Аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Заңға сәйкес шаралар қабылданады”, – деді полициядағылар.

Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді