«Ұлым оқиға орнында болмаған»: Шерзаттың өліміне қатысы бар күдіктінің анасы әділ тергеу жүргізуді сұрады

Аиса Махамбет Редактор
17.10.2024, 10:48
4251
«Ұлым оқиға орнында болмаған»: Шерзаттың өліміне қатысы бар күдіктінің анасы әділ тергеу жүргізуді сұрады бейнежазбадан алынған кадр

16 жасар Шерзат Болаттың өліміне қатысты күдіктілердің бірінің анасы олардың кейбіреуінің қылмысқа қатысы жоғын алға тартты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қамауға алынғандардың бірінің анасының видеосы Kozachkov Telegram арнасында жарияланды. 

Әйелдің сөзінше ұлы мен досы қайғылы оқиға орнында мүлде болмаған, бірақ олар қазір қылмыс туралы хабар бермегені үшін айыпталып отырған көрінеді. Сондықтан ол құзырлы органдардан барлығын объективті түрде тергеуді сұрайды.

“Мен Казакенова Лейла марқұм Шерзат Болаттың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Ана ретінде олардың қайғыларын түсінемін, қайғыларына ортақтасамын. Осы оқиғаға қатысты президентке, ішкі істер министріне және еліміздің бас прокурорына жүгінемін. БАҚ-та бастапқыда 13 адамның қатысы бар екенін айтқан, бірақ іс жүзінде 7 адам ғана ұсталған. Санды толтыру үшін қалғандарын жазықсыз ұстаған. Олардың арасында менің ұлым Казакенов Арлан мен досы Розбакиев Юлдаш бар. Олар қазір қылмыс туралы хабар бермегені үшін айыпталып отыр”, – дейді ол.

Казакенова Лейланың айтуынша ұлы мен досы оқиға орнына мүлдем бармаған. Қалған күдіктілермен қылмыстан кейін ғана кездескен.

"Шын мәнінде олар қылмыс орнында болмаған. Оқиғаның барлығы болып, біткеннен кейін ғана ер адамның екі адамды көлікке отырғызып, алып кете бара жатқан жерінің ғана куәсі болған. Мерседес көлігінің іздестіріліп жатқанын естіген.

Менің ұлым танысы Нұрқиясқа хабарласып, не болғанын сұрайды. Ол ұлым мен досын Рысқұлов ауылына жанына шақырады. Досы екеуі барады. Нұрқияс жалғыз емес екен, жандарында алты адам болған. Талғарға қарай барған, жолда кездескен, араларында ұрыс болған, артынша полиция алып кеткен. Олардан түсініктеме алынды, артынша жіберілді. 13 қазан күні ұлым мен досы 48 сағатқа ұсталды. Артынша 2 айға қамауға алынды. Оларды не себепті қамауға алынғанын түсінбедім. Ұсталған 13 адамның орнын толықтыру үшін жасалып отыр ма? Оқиға орнына бармаса да, күдікке ілініп отыр. Олар тіпті не болғанын да білмейді. Оқиға орнында болған екі қыз қамауда емес, алайда ұлым мен досы қамауда. Мен әділ тергеу талап етемін”, – дейді әйел.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды