Павлодарда 16 жастағы қызды колледж студенті аяусыз ұрып-соққан: Қыздың анасы көмек сұрады

Аиса Махамбет Редактор
17.10.2024, 12:04
645
Павлодарда 16 жастағы қызды колледж студенті аяусыз ұрып-соққан: Қыздың анасы көмек сұрады бейнежазбадан алынған кадр

Павлодар тұрғыны бір-екі апта бұрын қызын колледж студенті ұрып-соққанын айтты. Ол көпшілік алдында облыс прокуроры мен полиция департаменті басшысынан көмек сұрады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әйел қызын ұрып-соққан күдіктінің әлі бостандықта жүргеніне наразы.

Оқиға 5 қазан күні болған. Павлодар инновациялық көпсалалы колледжінің студенті 16 жастағы Павлодар тұрғынын аяусыз соққыға жыққан. Жәбірленушінің анасы видео түсіріп, Павлодар облысының полиция департаментінің басшысы мен прокурорына жүгінді.

"Мен сіздерге жүгінуге мәжбүрмін. Өйткені мен Талғардағыдай оқиға қайталанады деп қорқамын. Соққының салдарынан қызым бас-ми жарақатын алып, ми шайқалу түрінде денсаулығына зиян келтірді. Сондай-ақ беті мен басында соққының іздері бар. Бала қазір ауруханада жатыр. Тергеу мүлдем жүргізіліп жатқан жоқ. Әзірге бірде-бір куәгерден жауап алынбады. Оқиға орнында камералар болғанымен, бейнежазбалар тәркіленбеген. Арыз жазғаныма екі апта болды. Алайда ешқандай шара қолданылған жоқ. Қызымды ұрып-соққан бойжеткен басқаларға да қол көтерген, бұл бірінші рет емес. Осы істі бақылауға алуларыңызды сұраймын, себебі қыз қылмыстық әрекетін жалғастыруда", – деді зардап шеккен жасөспірімнің анасы.

Полицейлер 16 жастағы қыздың денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру фактісін растады. Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

"Полиция қызметкерлері бұл істі объективті және жан-жақты тергеу үшін қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жарияланбайды", – деп жауап берді облыстық полиция департаменті.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады