«Теріс пайымдары көп»: Заттыбек Көпбосынұлы коуч-психологтарды сынады

Аиса Махамбет Редактор
17.10.2024, 14:28
904
«Теріс пайымдары көп»: Заттыбек Көпбосынұлы коуч-психологтарды сынады жеке мұрағатынан

Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы әлеуметтік желіде отырып, ақыл айтатындарды сынады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі жастардың ақыл айтуға жақын болғанын жақтырмайтынын жасырмады. 

“Ақыл айтқыштар көбейіп кетті. Ішінде жап-жас інілеріміз, жап-жас қарындастарымыз бар. Олардың қаншалықты өмір сүріп, қаншалықты ой түйгендерін қайдам бірақ, данышпан адамға ұқсап ақыл айтады. Кейбіреулерінің теріс қылықтары, теріс пайымдары көп. Бұлардың көбеюі халықтың соларды көріп, соны қолдап жатқанының әсері ғой. Өйткені менің өзім желіге жақында бір коучтарға ұқсатып видео жүктеген едім. Оның қаралымы да, таралымы артып кетті. Сәл бір қисайып сөйлеп, хайпқа жақын дүниелер жасасаң, оны халық өзі таратып, өзі танымал етеді екен. Ал рас дүниелерге қызығатындар аз" – деді әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі бір айда қанша тойға баратынын айтып, үнемі халықтың қуанышына ортақтасып жүретінін айтты. 

"Шыны керек, бір айда мынанша той деп санап көрмеппін. Оны санамаймын да, есептемеймін де. Халықтың қуанышына ортақтасып барамыз ғой. Кейде қонақ болып барамын. Кейде біреудің өтінішімен, кейде тіпті біреудің көңілі үшін барамын. Біздің қазақ өзі бір қызық халық қой. Қанша істеген жақсылығыңды бір жаңылысқан сәтіңде жуып-шая салады. Содан кейін мәңгі жек көріп кетеді. Кей кездері үлгермейсің, бара алмайтын жағдайға жетесің. Сондай кезде ренжіп жатады. Бірақ барынша ешкімнің көңілін қалдырмай, үлгеруге тырысамын", – деп жауап берді эстрада жұлдызы. 

Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО)