974

Келінін «жүгендеп», сәлем салдырған ененің бейнежазбасы желіде лезде тарады (ВИДЕО)

Келініне «жылқы» секілді жүген салып, ертіп сәлем салғызған.

Келінін «жүгендеп», сәлем салдырған ененің бейнежазбасы желіде лезде тарады (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде келінінің мойнына жүген салып, сәлем салдырып жүрген ененің видеосы тарады.

Бейнежазбадан егде жастағы әйелдің жас келінді «жүгендеп» алып, отырған адамдарға сәлем салдырып жүргенін көруге болады.

Желі қолданушылары видеодағылар қазақтар деп болжап отыр.

«Жиіркенішті екен», «Келін квадробик шығар», «Қайда барамыз мына түрімізбен?», «Осындай идеялар қалай туындайды екен?», «Қазақта мұндай салт бар ма?», «Қытай қазақтары ма екен?», - деп жазып жатыр көпшілік қауым.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор