«Тұман, көктайғақ, жаңбыр»: Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

18.10.2024, 09:15
548
«Тұман, көктайғақ, жаңбыр»: Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды tengrinews.kz

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, синоптиктер 18 қазанда Алматы мен Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жариялады. 

Түнде және таңертең Ұлытау облысының орталығында, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Жезқазғанда да түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралдакүннің екінші жартысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндізгі екпіні - 18 м/с.

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі.

Алматыда түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада кей уақытта шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Шығыстан соққан желдің екпіні - 15 м/с.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Түнде Жетісу облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл ауданында соққан жел екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда сынап бағаны түнде 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында аздап қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с

Абай облысының оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Облыстың оңтүстік-шығысында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

«Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті