«Тұман түсіп, жел соғады»: Қазгидромет дауылды ескерту жариялады

19.10.2024, 09:30
909
«Тұман түсіп, жел соғады»: Қазгидромет дауылды ескерту жариялады facebook.com/kievtypical

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күндізгі екпіні - 18 м/с.

Түнде Атырау облысының оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды. Атырауда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Күндіз Алматы облысының орталығында, шығысында шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды. Қонаевта шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 17-22 м/с. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының батысында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың орталығында, батысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды деп күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының орталығында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі.

19-20 қазанда Жамбыл облысының батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Таразда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Талдықорғанда түнде сынап бағаны 5-7 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды