«Арақты қинап ішкізіп, терезеден лақтырып жіберген»: Астанада 19 жастағы ұлынан айырылған ана әділдікті талап етеді

Аиса Махамбет Редактор
19.10.2024, 14:48
2823
«Арақты қинап ішкізіп, терезеден лақтырып жіберген»: Астанада 19 жастағы ұлынан айырылған ана әділдікті талап етеді бейнежазбадан алынған кадр

Астанада 19 жастағы жігіт мас күйінде тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлап қаза тапты деген ақпарат тарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, марқұмның анасы Лариса Салбаева ұлының жоғарыдан өздігінен құлап кетуі мүмкін емесін айтты. Себебі баласы мүлде ішпейді, шекпейді. Бұған дейін тек спортпен айналысқан. Қайғылы қазаға тап болған отбасы бұл істе Медетті дос балдары өлтірді ме деп күдіктенеді. Себебі үй қабырғасы мен еденде қан іздері болған. Марқұмның анасы Stan.kz тілшісіне қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Марқұмның анасы Лариса Салбаеваның сөзінше, баласы қайғылы оқиға болған күні достарыма барып, сол жерде қонамын деп айтып кеткен. 

"Ұлым "достарыма барамын, бірге оқитын курстастарым, әр апта барып жүретін едім” деді. Желіде ұлымды "өзі ішті, құсамын деп өзін балконнан лақтырып жіберді” деген ақпарат тарап жатыр. Мен бұл әңгімелермен мүлдем келіспеймін. Өз балама сенемін. Өйткені ұлым ішпейтін, қаншама жылдан бері спортпен айналысып келе жатыр. Оқиға орнында баламнан бөлек төрт жігіт болған. Олар қылмысты 2-3 айдан бері ойластырған. Бұл мен үшін жұмбақ өлім. Төртеуі ұлыма арақты қинап ішкізген болуы мүмкін. Араққа бірдеңе қосқан да шығар. Сөйтіп олар менің баламды лақтырып жіберіп отыр", – дейді марқұмның анасы.

Фото: Видеодан скрин

Марқұмның анасының сөзінше, қайғылы оқиғадан соң бір бала қашып кетіп, мешітке түнеген.

"Төрт баланың біреуі кетіп қалыпты. Демалыста әпкемнің үйінде болдым дейді. Бір бала мешітке қашып, сол жерде түнеген. Ішкен адамды мешітке кіргізе ме? Біреуі баламды лақтырып жіберіп, қалған үш бала қарап отырады дегенге жеке басым сенбеймін. "Аңдаусызда болды, өзі ішті, өзі құлады" дейді. Олар баламның басын жарып, тіліп лақтырып жіберген. Себебі қабырғаның бәрі қан. Тіпті қан балконнан тамшылап, жерге түскен. Жоғарыдан төменге дейін қан болып жатыр. Бұл істе мен өз балама сенемін. Ол ішпейді, шекпейді. Кінәлі балалардың жазасын алғанын, соттың ашық түрде, әділ өткенін қалаймын", – дейді марқұмның анасы. 

Фото: Видеодан скрин

TikTok әлеуметтік желісінде “ЗаМедет” деген арна пайда болды. Онда марқұмның туыстары, сыныптастары мен достары #ЗаМедет деген хэштегпен видеоүндеу жариялап, әділдік сұрап отыр. Олар марқұмның өз өзіне қол салғанына сенбейтінін айтып жатыр.  

"Медет мас күйінде өзіне қол жұмсады, жоғары қабаттан өзі құлап түсті дегенге сенбейміз. Әділдікті талап етеміз", – дейді олар.

Айта кетейік, қайғылы оқиға елордада 13 қазанда болған. Осы оқиғадан кейін марқұмның анасы қостанайлық әйел 19 жастағы ұлын төрт бала қинап, тоғызыншы қабаттан лақтырып жібергенін мәлімдеген еді.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)