10338

«Жалғыз ұлыңның өлімін көресің»: Дана Нұржігіт көмек сұрады

Журналистке шабуыл жасап, ұлымен қорқытып жатыр.

«Жалғыз ұлыңның өлімін көресің»: Дана Нұржігіт көмек сұрады
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі журналист Дана Нұржігіт әлдекімдер өзін ұлымен қорқытқанын айтты.

Оның жақында Динара Сәтжанға берген сұхбатынан кейін видеоның астына  біреулер қоқан-лоққы көрсеткен пікір қалдырған. «Жалғыз ұлыңның өлімін көресің» деп жазған.

“Қымбатты отандастар! Динара Сәтжанға берген сұхбаттан кейін жаңа ғана сол видеоның астына мынандай комментарий қалдырып кетіпті біреу. Менің ұлыммен маған қоқан-лоққы көрсетіпті. Мен жалғыз басты анамын. Балам кәмелет жасқа толмаған. Білесіздер. Бәрін көріп біліп отырыңыздар! Кибер-сталкинг деген осы,міне! Мен көмек сұраймын!”, — деп жазды Дана Нұржігіт.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор