Қыз алып қашу «операциясы»: Биыл Түркістанда қанша оқиға тіркелді?

21.10.2024, 16:58
971
Қыз алып қашу «операциясы»: Биыл Түркістанда қанша оқиға тіркелді? depositphotos.com

Жыл басынан бері Түркістан облысында 14 жігіт қыз ұрлаған. Ал, өткен жылдың 8 айында қыз алып қашу дерегімен 16 іс тіркелген.

Жергілікті полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Абдужаппарованың айтуынша, биыл жәбірленушілердің кешірім беруінен немесе екі тарап татуласып, отбасы құруына байланысты тіркелген істің бәрі қысқарып кеткен.

Полиция қызметкерлері қыз алып қашудың жазасы ауыр болатынын еске салады.

«Қылмыстық кодекстің 125-бабында адам ұрлағандарға төрт жылдан жетi жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Ал осы кодекстің 126-бабы бойынша адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан заңсыз айырудың жазасы — үш жылға дейiн бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру», - деді Гүлнар Абдужаппарова.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды