Еліміздің 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22.10.2024, 09:15
794
Еліміздің 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды iStock

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» мамандары 22 қазанда Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жариялады.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ орталығы Оралда тұман болады деп күтіледі. 

Қарағанды облысының шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады.

Күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкент пен Түркістан қалаларында да күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. 

Түнде және таңертең Астанада тұман болады деп күтіледі. Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болатыны болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Көкшетау қаласында да тұман болады.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ Атырау қаласында да тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Петропавл қаласында да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Павлодарда да түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. 

Абай облысында батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Алматы облысының орталығында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қонаев қаласында да оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді