9 айлық баланы құтқарып қалған ақтөбелік полицей сотталып кетті

Аиса Махамбет Редактор
22.10.2024, 14:30
1130
9 айлық баланы құтқарып қалған ақтөбелік полицей сотталып кетті әлеуметтік желіден

Ақтөбеде 9 айлық баланы құтқарып қалған полицей алаяқтық жасамақ болғаны үшін сотталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде 25 маусым күні учаскелік полиция қызметкері Батыр Николаевқа 9 айлық баланың ата-анасы жүгіріп келіп, балаларын тез арада ауруханаға жеткізуді сұрайды. Бұл туралы Halyqstan телеграм арнасы мәлімдеді.

Күйзеліс жағдайында сәбидің анасы санаулы минуттарда оларды медициналық мекемеге жеткізген полиция қызметкерлерінің аты-жөнін сұрауды ұмытып кеткен. Күйеуі патруль көлігінің нөмірін суретке түсіріп қана үлгеріпті. Артынша ерлі-зайыптылар бұл суретті жергілікті @aktobe_sergek парақшасында жариялап, тәртіп сақшыларына алғыстарын білдірді. Кейіннен қызметкерлердің Батыр Николаев пен Кеңшілік Бекбол екені анықталды. 

Алайда сол күні-ақ кешкі уақытта батырлардың бірі Батыр Николаевты сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері тұтқындаған. 

Анықталғандай, оқиғадан 6 күн бұрын Ақтөбе қаласының тұрғыны Алланиязов Николаев қызмет еткен полиция бөліміне Табынбай деген азаматтың үстінен арыз жазып хабарласқан. Табынбайды бөлімшеге апарған кезде тергеушімен сөйлесу барысында Николаев та болған. Николаев Табынбайға барлығын жеке өзі реттеуге көмектесетінін, өзіне 1 миллион теңге төлеу керегін айтқан.

Николаев 25 маусымда кешке ақшаның бір бөлігін, 300 мың теңге алуы қажет болған. Ақшаны бермес бұрын Табынбай сыбайлас жемқорлыққа қарсы байланыс орталығына хабарласып, Николаевтың үстінен шағым түсірген.

Сотта полицей өз әрекетіне өкінетінін атап өтті. Ақтөбе қаласының №2 соты сотталушыны алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танып, оған 2 250 000 теңге айыппұл салды. Сондай-ақ учаскелік полиция қызметкері аға лейтенант шенінен және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған. Сотталушы бірінші сатыдағы сот үкіміне шағымданбады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады