Ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

24.10.2024, 09:09
678
Ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды atvmedia.ru

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазгидромет 24 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қар жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі.

Алматыда түнде және таңертең тұман болады.

Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Облыстың шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 17-22 м/с болады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні - 15-20 м/с. 

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23 м/с болады.

Ақтөбе облысының оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші - 15-20 м/с.

Шымкентте күннің екінші жартысында, түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Облыстың шығысында тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. 24-25 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды