Маңызды құжаттарда қате аз емес

24.10.2024, 15:51
847
Маңызды құжаттарда қате аз емес коллаж smartnews.kz

Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан мен Өзбекстанның экология саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді талқылау барысында халықаралық келісімдерде қазақ тіліндегі мәтінде қателік болмауға тиіс екенін айтты.

Айта кетейік, отырыс кезінде аталған құжаттың қазақ тіліндегі мәтінінде қателіктер кеткені белгілі болды. Сенат төрағасы мұндай олқылыққа жол беруге болмайтынын баса айтты.

«Қазақ тіліндегі құжаттарда қателердің кездесуі бүгін пайда болған мәселе емес. Бұл проблеманы депутаттарымыз да үнемі көтеріп жүреді. Сол себепті, қазіргі таңда қазақ тіліндегі мәтіннен қате жіберіп, оны қайта түзету орынсыз», – деді М. Әшімбаев.

Сондай-ақ ол қазіргі таңда елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесі нығайып, осы салада кәсіби мамандардың қатары артқанына назар аударды. Сондықтан Сенат төрағасы бұл салада тиісті мамандармен жұмысты күшейту керек екенін айтты.

«Бүгінде шет тілдердегі іргелі ғылыми еңбектерді қазақ тіліне аударып жүрген білікті мамандарымыз бар. Соңғы жылдарда олар белсенді жұмыс істеп келеді. Оны бәріміз көріп отырмыз. Сондықтан бізде түрлі терминдермен жұмыс істейтін, қалыптасқан мамандар жеткілікті деп айтуға әбден болады. Сол себепті, құжаттарда қазақ тіліндегімәтінде қателік болмауға тиіс. Ал, халықаралық келісімдерде бұған мүлдем жол беруге болмайды. Сондықтан тиісті ведомство осы мәселеден қорытынды шығарып, кәсіби мамандармен жұмыс істеуге тиіс. Алдағы уақытта мұндай олқылық қайталанбайды депсенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды