130

Бурабайдағы RIXOS қонақүйі фейерверк атқаны үшін жазаланды

Пиротехника «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне іргелес аумақта қолданылған.

Бурабайдағы RIXOS қонақүйі фейерверк атқаны үшін жазаланды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бурабайда RIXOS LAKE BOROVOE қонақүйінің аумағында фейерверк атылып, оның иесі мен пиротехниканы іске қосқан ұйым әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті жазды.

Оқиға қонақүйге тиесілі, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне іргелес аумақта болған. Салюттің орманды аймақта атылған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, қоғам назарын аударды.

Фейерверк желді ауа райында және өрт қаупі жоғары кезеңде іске қосылған. Төтенше жағдайлар департаменті мұны өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу деп бағалады.

Нәтижесінде қонақүй иесі мен пиротехниканы ұйымдастырған заңды тұлға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 410-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.

Құтқарушылар өрт қаупі жоғары кезеңде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, өрт шығу қаупін туғызуы мүмкін жерлерде ашық от пен пиротехникалық бұйымдарды пайдаланбау қажет екенін ескертті.

Материал авторы