Әнші Садраддин жалғызбасты көпбалалы анаға үй алып берді
Әнші бала кезінде анасымен бірге жалдамалы пәтерлерде тұрғанын еске алып, баспанасыз отбасының жағдайын жақсы түсінетінін айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Садраддин бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған анаға пәтер сыйлап, оған жаңа баспананың кілтін табыстады. Өнер иесі қайырымдылық шарасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Әншінің айтуынша, баспана мәселесі оған да жақсы таныс. Ол бала кезінде анасымен бірге жалдамалы пәтерлерде тұрғанын және сол кезде өз үйі болса деп армандағанын еске алды.
«Өз баспанамыз болса» деген арманның қаншалықты маңызды екенін білетінін айтқан Садраддин қазір мүмкіндік туғанда мұқтаж отбасын қуантуды жөн көрген.
Жаңа пәтер денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз деп танылған, бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған анаға берілді.
Әнші сыйлықты алдын ала айтпай, тосынсый жасаған. Отбасы балаларға мектеп киімдерін алып береміз деген сылтаумен шақырылған. Алайда кездесуге келгенде оларға жаңа пәтердің кілті табысталды.
Күтпеген сыйлыққа толқыған ана көз жасына ерік беріп, әншіге алғысын айтты.
Садраддин бұл әрекетін өзінің бала күнгі арманымен байланыстырды. Оның сөзінше, бір кездері өзі аңсаған баспанаға қол жеткізу мүмкіндігі енді басқа отбасының өмірін өзгертуге себеп болған.
Материал авторы