Күйеуін пышақтап өлтірді деген әйел сотта ақталып шықты
Ер адам асүй пышағы кіріп көз жұмғанымен, сот әйелдің кінәсін екенін дәлелдеген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында отбасылық жанжал кезінде күйеуінің өліміне себеп болды деп айыпталған әйел сотта ақталды. Алқабилер оны қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп таныған. Бұл туралы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жазды.
Қайғылы оқиға 2026 жылғы 1 мамырда ерлі-зайыптылардың үйінде болған. Сот материалдарына сәйкес, жанжал кезінде әйел күйеуіне асүй пышағымен кеуде тұсынан соққы жасаған. Ер адам алған жарақатынан қайтыс болған.
Осыдан кейін әйелге Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі, яғни адам өлтіру бойынша айып тағылған. Істі алқабилердің қатысуымен Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.
Сот отырысында тараптар ұсынған дәлелдер жан-жақты зерттелді. Нәтижесінде алқабилер сотталушыны тағылған айып бойынша кінәсіз деп таныды. Осы вердикт негізінде сот әйелге қатысты ақтау үкімін шығарды.
Сонымен қатар сот оның қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын жойды. Жәбірленуші тараптың моральдық және материалдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап-арызы да қанағаттандырылған жоқ.
Іс бойынша процестік шығындар мемлекет есебіне жатқызылды.
Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Материал авторы