Астанада төрт елдің 300-ге жуық жас педагогі STEM мен AI-ды талқылады

Қазақстан, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан ұстаздары Астанада тәжірибе алмасты.

Астанада төрт елдің 300-ге жуық жас педагогі STEM мен AI-ды талқылады
Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ
Астанада Қазақстан, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 300-ге жуық жас педагогтің басын қосқан халықаралық кәсіби коннект өтті. Екі күндік шарада білім берудегі жасанды интеллект, STEM және инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізу мәселелері талқыланды.