Төтенше жағдай: Астанада газ баллоны жарылып, 30 жастағы ер адам зардап шекті
Газ баллонын дұрыс қолданбау Астанада ер адамның жарақат алуына себеп болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада шағын газ баллонын дұрыс пайдаланбау салдарынан газ-ауа қоспасы тұтанып, ер адам жарақат алды. Зардап шеккен азамат медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Төтенше жағдай 11 тамызда елордада болған. Министрліктің мәліметінше, газ баллонын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптары бұзылған. Соның салдарынан газ-ауа қоспасы тұтанған.
Оқиға кезінде 1996 жылы туған ер адамның қолы жарақаттанып, ол ауруханаға жеткізілген.
ТЖМ тұрғындарға газ жабдығын пайдаланғанда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертті. Мамандар баллон мен жабдықтың жарамдылығын алдын ала тексеріп, газдың сыртқа таралуына жол бермеу қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ газ баллонын ашық от пен жылу көздерінің маңында пайдалануға болмайды. Құтқарушылар жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулық талаптарын сақтауға шақырды.
Материал авторы