Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай: Астанада ерекше үшем өмірге келді

Аиса Махамбет Редактор
25.10.2024, 11:33
2415
Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай: Астанада ерекше үшем өмірге келді roddom.by

Үш батыры дүниеге келген астаналық жас жұбайлар алғаш ата-ана атанып отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада 200 миллион жүктілікте бір кездесетін үшем дүниеге келді. Сәбидің үшеуі де - ұл. Оларға Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай есімдері берілді.

Астана қаласының нөмірі екінші көпбейінді қалалық ауруханасында дүние есігін ашқан сәбилердің бірінің салмағы - 1 350 грамм болса, екіншісі - 1 370 грамм, үшіншісінің салмағы - 1 270 грамм.

Осындай қуанышты естіп, төбесі көкке жетіп отырған сәбилердің атасы Жамбыл Иманалиевтің айтуынша, дәрігерлер бастапқыда егіз дүниеге келетінін жеткізген.

"Келіннің отбасында егіз бар, бізде жоқ. Бірінші УДЗ-ге түсірген кезде бізге егіз деп айтқан болатын. Бұл жаңалықты естіп қуанып жүр едік, бір аптадан кейін ұлым қуанышты жаңалығым бар деп қайта хабарласты, сөйтсек егіз емес, үшем екен. Үшеуі де ұл екен деп тағы қуантты. Содан кейін ешкімге тіс жармай, дұға-тілегімізді тілеп, аман-есен дүниеге келуін сұрадық. Ал енді бәрі үшемге таңғалып жатыр. Бұл жас жұбайлардың алғашқы сәбилері", - деді ол.

Оған қоса бұл жүктілік ерекше көрінеді, Жамбыл Иманалиевтің сөзінше, бұған тіпті дәрігерлер таңданыпты.

Дәрігерлердің мәліметінше, бұл монохорионды триамниотикалық үшем, ол 200 миллион жүктілікте бір рет кездеседі. Яғни үш ұрық бір ұрықжолдаста дамиды және бір генді бөліседі, олардың ДНК жасушалары 99 пайыз ұқсас. Монохорионды үшемдердің табиғатта кездесуі барлық клиникалық жүктіліктің 0,004 пайызынан аз.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол