Балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірген қарағандылық 14 жылға сотталды

Аиса Махамбет Редактор
25.10.2024, 16:56
700
Балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірген қарағандылық 14 жылға сотталды бейнежазбадан алынған кадр

Сот айыпталушыға ең максималды жазаны берген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда әйелін балаларының көзінше өлтірген 51 жастағы ер адам сотталды. Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әйелін балаларының көзінше пышақтаған ер адам бас бостандығынан айырылып, моральдық өтемақы төлеуі керек. 

“Таймасовты 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтелсін. Жазасын өтеу мерзімі ұсталған кезден бастап есептеледі. Жәбірленуші Өмірзақованың пайдасына моральдық шығын үшін 20 миллион теңге өндірілсін”, – деді судья Самал Аринова.

Қайғылы оқиға сәуірдің соңында болған. Ер адам бір ай жұмыс істемегендіктен, ерлі-зайыпты арасында жанжал туындаған. Әрі Таймасов мас болған. Балалар жанжал кезінде учаскелік полиция қызметкерін де шақырған. Ол келіп, арызды қабылдағанымен, қаскөйді ұстамаған.

Тәртіп сақшысы кете салысымен ер адам әйелге үш рет пышақ сұққан. Гүлмира Таймасова ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

Сот барысында сотталушы кінәсін мойындады. Оның адвокаты тоғыз жыл жаза беруді сұрағанымен, судья қатаңырақ жаза беруді шешті. Ерлі-зайыптының 15 және 17 жастағы екі баласы 81 жастағы нағашы әжесінің қолында болады. 

“Судья ең максималды жазаны берді, яғни 14 жыл – біздің ойымызша әділ. Сонымен қатар азаматтық талап арызымыз қанағаттандырылды. Қорғаушы жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының кәмелетке толмаған балалары бар екенін мойындауды сұрады. Бірақ ата-ана екінші ата-ананы өмірінен айырған болса, бұл жазаны жеңілдететін мән-жай бола алмайды”, – деді жәбірленуші тараптың өкілі Ибрагим Сәдуақасов.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады