Қазақстанның басым бөлігінде алдағы екі күн бойы күн суытады

Аиса Махамбет Редактор
26.10.2024, 09:30
840
Қазақстанның басым бөлігінде алдағы екі күн бойы күн суытады el.kz

26 және 27 қазанда еліміздің басым бөлігінде күн суытып жауын-шашын жауады. Синоптиктердің болжамынша, солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, жел күшейеді. Ал оңтүстік және батыс аймақтарда жаңбыр жауып, тұман түседі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазгидромет Ұлытау облысының шығысында түнде және таңертең тұман түсетінін мәлімдеді. Дәл мұндай жағдай Қостанайдың солтүстігінде, Ақтөбе, Атырау облысында және ел астанасында да қайтаналады.

Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с жел соғады. Ал Алматы облысының батысында, шығысында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Сонымен қатар Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай соғады. Шымкентте де нөсер жауын жауғалы тұр.

Әсіресе Батыс және солтүстік өңірлерде тұман басып, көктайғақ болады. Маңғыстау облысында жаңбыр жауып, солтүстік-шығысында тұман басады. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында да дәл осы ауа райы.

26-27 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман басады.  26-27 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 26 қазанда таңертен және күндіз екпіні 23-28 м/с жел соғады. Таразда да екі күн бойы таңертең тұман түсіп, күндіз қатты жел соғады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды