Ер адам полицияны көлігінің есігіне қысып сүйреп әкеткен

Аиса Махамбет Редактор
29.10.2024, 10:22
1124
Ер адам полицияны көлігінің есігіне қысып сүйреп әкеткен polisia.kz

Офицерді 15 метрге дейін сүйреген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында полиция қызметкерін көліктің есігінде сүйреген жүргізуші ұсталды.

Байсейіт ауылында жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалау кезінде облыстағы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қанат Темірбаев пен Эльдар Махмудов, жол ережесін бұзған Toyota Ipsum автокөлігін тоқтатты. Рөлде Достық ауылының 34 жастағы тұрғыны болған. Құжаттарды рәсімдеу сәтінде жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартты. Полицейлерді елемей, көлікке қайта отырып, Қанат Темірбаевтың саусақтарын машинаның есігімен қысып қалған. Көлік орнынан күрт қозғалып, полиция қызметкерін 10-15 метр шамасында сүйреп әкеткен. Офицер қолын босатып үлгергенімен, асфальтқа құлаған кезде жарақат алды.

Жүргізуші көп ұзамай қолға түсіп, Шелек ауылының полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта құқық қорғау органының қызметкеріне күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұған қоса, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін оған әкімшілік хаттама толтырылды. Оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды