Отандық зауыттар әлемдік стандартқа сай өнім шығара алады - Бектенов

29.10.2024, 12:01
915
Отандық зауыттар әлемдік стандартқа сай өнім шығара алады - Бектенов AllurAuto

Аккумуляторлар, трансформаторлар мен кабельдер, локомотивтер, автомобильдер мен автобустар – осының айқын мысалы. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты.

Белгілі болғандай, соңғы 5 жылда машина жасау үш есеге өсті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндірілген өнім көлемі 4 трлн теңгеден асты.

«Былтыр машина жасау саласына шамамен 621 млн доллар тікелей инвестиция тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Бүгінде Қазақстанда машина жасау өнімдерінің нарығы 31,6 млрд долларға бағаланады. Оның шамамен 16% ғана отандық өндіріс үлесіне тиесілі. Сондықтан бұл саланың өсу әлеуеті өте жоғары. Экспортты дамытуда да мүмкіндіктер бар», - деді О. Бектенов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Премьер-Министр өңірлердегі көптеген машина жасау кәсіпорындарының жұмысымен танысқанын атап өтті.

«Біздің зауыттар әлемдік стандарттарға сай келетін өнімдер шығара алады. Отандық аккумуляторлар, трансформаторлар мен кабельдер, локомотивтер, автомобильдермен автобустар – осының айқын мысалы. Аталған өнімдер сыртқы нарықтарға да шығып жатыр. Біз қай кезде де өзіміздің отандық өндірушілерді қолдаймыз. Бұл реттеэкономикалық патриотизм басты қағидатқа айналуға тиіс. Біз қазақстандық өнімдерді сатып алып, сыртқы нарықтарда белсенді түрде дәріптеуіміз қажет», - деді Олжас Бектенов.

Бүгінде Еуразиялық одақ нарығында машина жасау өнімдері импортының жалпы көлемі орта есеппен 141 млрд долларға бағаланып отыр.

«Осы нарықтағы үлесімізді одан әрі ұлғайтуымыз керек. Біздің алдымызда локализациялау үлесі жоғары өндіріс циклін құру міндеті тұр. Жұмыс тиімділігін арттыру үшін өндірісті дер кезінде жаңғыртып отыру маңызды. Қазір бүкіл әлем цифрлық технологияларды, өндірістік процестерді роботтандыру мен автоматтандыруды белсенді түрде енгізіп жатыр. Әлемдік трендтерден қалып қоймау үшін кәсіпорындар жаңа технологияларды қолдануға тиіс», - деді Үкімет басшысы.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді