Елімізде жалпы ішкі өнім көрсеткіші қандай?
Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов инфляция біртіндеп төмендеп келетінін, сәйкесінше экономикалық жағдай тұрақты екенін алға тартып отыр.
«Биыл жаһандық экономиканың дамуына геосаяси тұрақсыздық ықпал етіп жатыр. Бұл бірқатар әскери қақтығысқа, әлемдегі сауда-саттық пен инвестициялардың төмендеуіне байланысты. Халықаралық валюта қорының жаңартылған болжамыбойынша, әлемдік экономиканың өсуі 2024 және 2025 жылдары 3,2% болады. Орталық банктер өзінің қатаң монетарлық саясатын сақтағандықтан, жаһандық инфляциялық процестер баяу қалыптасып отыр. Дегенмен, қазір дамыған елдерде инфляция орталық банктердің нысаналы көрсеткішіне жақын. Бұл жетекші елдердегі орталық банктердің ақша-кредит саясатын біртіндеп жеңілдетуге жағдай жасайды», - деді Тимур Сүлейменов Мәжілістің жалпы отырысында.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, инфляция біртіндеп төмендеп келеді.
«Қазақстанды алсақ, қазіргі экономикалық жағдай – тұрақты, динамика – оң. Биылқаңтар-қыркүйек айларында жалпы ішкі өнім 4,0%-ке артты. Экономиканың барлық секторында өнім шығаруда өсім бар. Ең жоғары өсім ауыл шаруашылығында, құрылыс пен көлік саласында байқалып отыр. Инфляция біртіндеп төмендеп келеді. Қыркүйектің қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 8,3% болды. Бұл 2023 жылғы ең жоғары көрсеткішпен салыстырғанда 2,5 есе төмен. Алайда, бұл көрсеткіш Ұлттық Банктің 5%-тік таргетінен әлі де алыс», - дейді ол.
Сондай-ақ, Т. Сүлейменов инфляцияның баяулау үрдісіндегі маңызды фактор – азық-түлік инфляциясының 5% болғанын айтты.
Материал авторы