732

Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды

Олар қашу жоспарын екі ай бойы дайындаған.

Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды
podrobno.uz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейде 2024 жылдың жазында Липецк қаласындағы түзету мекемесінен қашып кеткен алты тұтқынға сот үкімі шықты. Олардың бесеуі — Өзбекстан азаматтары.

Воронеж облысының прокуратурасы таратқан мәліметке сәйкес, сотталғандар қашу жоспарын екі ай бойы дайындаған. Олар металл парағы, құбыр, күрек және кескіш диск пайдаланып, ұзындығы 30 метрден асатын жерасты туннелін қазған. Туннель күзет қоршауының астынан өтіп, Липецк қаласындағы №2 колония аумағынан тыс жерге шыққан.

Қашу 2024 жылдың 25 қазанында, түнгі уақытта жүзеге асқан. Алты сотталған адам мекемеден шығып, Тамбов пен Мәскеу бағытына бет алған. Бесеуі келесі күні ұсталды, ал алтыншы адамды екі аптадан кейін қолға түсірген.

Сот Ресей Қылмыстық кодексінің 313-бабы — «Бостандықтан айыру орындарынан топпен қашу» бойынша олардың бәрін кінәлі деп таныды. Төртеуі — қатаң режимдегі, екеуі — жалпы режимдегі колонияға жіберілді.

Барлық қашқындар бұған дейін ауыр қылмыстар үшін, соның ішінде есірткі саудасы, қарақшылық және зорлау істері бойынша сотталғаны белгілі болды.

Сот үкіміне сәйкес, олардың әрқайсысы 4,5 жылдан 12,5 жылға дейін қосымша жаза мерзімін алды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор