Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
19.05.2025, 16:34
687
Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) бейнежазбадан

Көрсетілім қайғылы жағдаймен аяқталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 18 мамыр күні Астана қаласында цирктік қойылым барысында оқыс оқиға болды.

Астанадағы цирк қойылымы қайғылы жағдаймен аяқталды. 18 мамыр күні өнер көрсетіп жатқан акробат қыз бес метр биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды.

Көрсетілім кезінде әртіс трюк орындау барысында тепе-теңдігін жоғалтып, сахнаға құлаған. Оқиға көрермендердің көз алдында болған. Зардап шеккен өнерпазға бірінші болып әріптестері көмек көрсетіп, оны сахнадан алып шықты. Бірнеше минуттан кейін жедел жәрдем жетіп, қызды ауруханаға жеткізді.

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы болған жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«Қыз циркте бес метр биіктіктен құлап, бас жарақаты мен ми шайқалу диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Жалпы жағдайы – орташа, бірақ тұрақты», – делінген басқарма таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта жарақат алған акробат дәрігерлердің бақылауында.

Оқиғаның салмақты болғанына қарамастан, цирк әкімшілігі шоу бағдарламасының 1 маусымға дейін жалғасатынын хабарлады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды