«Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ

19.05.2025, 09:40
807
«Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Margo Martin / X / Reuters

Аптасына 5 мың әскер босқа қырылып жатыр дейді Трамп.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отыр. Оның айтуынша, бұл әңгімелесу 19 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 10:00-де өтеді.

Телефон арқылы сөйлесудің негізгі тақырыптары – аптасына орта есеппен 5 мың ресейлік және украиналық сарбаздың өмірін жалмайтын «қанды қырғынды» тоқтату және сауда мәселелері, – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Сондай-ақ АҚШ президенті Украинаның президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесетінін хабарлады. Осы қоңыраудан кейін НАТО мүшелерімен де байланыс орнатылмақ Оның сөзінше, дүйсенбі күні қақтығыс аяқталуы мүмкін.

Айта кетейік, 16 мамыр күні Ыстамбұлда соңғы үш жылда алғаш рет Мәскеу мен Киев делегацияларының екіжақты кездесуі өтті. Келіссөздер нәтижесінде тараптар «1000-ға 1000» формуласы бойынша тұтқындар алмасуға уағдаласты. Сонымен қатар Ресей мен Украина атысты тоқтату бойынша өз ұстанымдарын егжей-тегжейлі ұсынуға және келіссөздерді жалғастыруға уәде берді.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады