Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты

19.05.2025, 10:10
915
Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты instagram.com/tursunov_ermek

Елден кеткен режиссер Ермек Тұрсыновтың жемқорлық туралы жазбасы тексерілмейтін болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 18 маусымда БАҚ тарапынан келіп түскен сауалдарға жауап бере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазіргі уақытта Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу іс-шараларын жүргізіп жатпағандарын жеткізді.

Антикор белгілі режиссер Ермек Тұрсыновтың ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қатысты сыбайлас жемқорлық туралы желідегі жазбасын назарға ала отырып, оған жауап берді.

"БАҚ-тан келіп түскен сауалдарға жауап ретінде қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Е. Тұрсыновқа қатысты тергеу іс-шараларын жүргізбейтінін хабарлайды. Осыған байланысты осы азаматтың Facebook әлеуметтік желісінде берген ақпаратынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қанық емес екенін жеткіземіз", делінген Антикор хабарламасында.

Сонымен қатар құзырлы ведомство бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке "Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ ішкі аудит қызметінің қорытындысымен және  "Долгое эхо" көркем фильмін дайындау кезінде лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін киностудияның бұрынғы басшылығын қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арызымен "Н" режиссерінің жүгінгенін нақтылайды.

"Оның арызы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Қосалқы мердігерлік жұмыстарды жеткізуші "Alashfilm" ЖШС болып табылды, оның бұрынғы директоры азамат Т. болып табылады. Бұдан әрі оның бұрын "Тұрсыновфильм" ЖШС аясында режиссер Тұрсыновтың бизнес-серіктесі және серігі болғаны анықталды. "Alashfilm" ЖШС-ның бұрынғы директоры Т-ның қатысуымен куәгер мәртебесінде бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілді. Тұрсыновтың өзі тергеу органына шақырылмаған. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша ешкім күдікті деп танылған жоқ", делінген хабарламада.

 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді